Ұлттық құрама ойыншысы еуропалық клубтан "Ақтөбеге" ауысты

Ұлттық құрама ойыншысы еуропалық клубтан "Ақтөбеге" ауысты
Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Ақтөбе" футбол клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

25 жастағы хавбек бұған дейін 2021-2022 жылдары бір жарым маусым "ақ-қызылдар" намысын қорғап, Қазақстанның күміс жүлдегері атанған болатын.

"Ақтөбеден" бөлек, Рамазан Алматының "Қайрат", литвалық "Даугавпилс", ресейлік "Чайка", павлодарлық "Ақсу", қостанайлық "Тобыл" мен словениялық "Копер" сапында өнер көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FC AKTOBE | ФК АКТОБЕ (@fcaktobe_official)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай