Елена Рыбакина Australian Open жарысын жарқын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының (Australian Open) екінші кезеңіне шықты. Жарыстағы бірінші ойынында чех спортшысы Каролина Плишковадан айласын асырды. 

1 сағат 33 минутқа созылған ойында Елена 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші сетте Каролина алда болып, тай-брейкте 3:6 есебімен алда тұрды. Қазақстандық теннисші камбек жасап, қарсыласын 8:6 есебімен ұтып шықты. Екінші сетте 6:4 есебімен айқын басым болды. 

Бұған дейін екі теннисші 3 рет кездескен. Үшеуінде де Елена жеңіске жеткен. 37 жастағы Каролина Плишкова мансабында үздік теннисшілер қатарында болған спортшы. 

Екінші кезеңде Елена Рыбакина ресейлік Анна Блинковамен кездеседі. 

Айта кетейік, бұған дейін жекелей сында Юлия Путинцева мен Александр Бублик қарсыластарына жол беріп, жарысты ерте аяқтаған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!