Нысана көздеу: Қазақстанық мергендер тағы төрт медаль жеңіп алды

Нысана көздеу: Қазақстанық мергендер тағы төрт медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан мергендері тағы төрт медаль жеңіп алды, – деп жазады Olympic.kz

Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай). Александра Ле қола жүлдегер атанды (618,4 ұпай).  Елизавета Безрукова 4-сатыдан көрінді (617,2).

Нәтижесінде командалық сында да Қазақстан алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Ал тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин 568 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп, Джакартадағы медаль санын екеуге жеткізді.

Бұл екі бағдарламада Олимпиада лицензиясы сарапқа салынған жоқ.

Қазір жалпы есепте Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен 4-орында келе жатыр. Құрлық чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай