"Ордабасының" бапкерлер құрамы украиналық маманмен толықты

"Ордабасының" бапкерлер құрамы украиналық маманмен толықты
Фото: ©ФК "Аксу"

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының жаттықтырушылар штабына украиналық бапкер Виктор Ульяницкий келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін ол Павлодарлықлық "Ақсу" клубының штабында жұмыс істеп, Руслан Костышинге көмектескен. Сондай-ақ Таразда да жұмыс істеп, Шығыс Қазақстан облысындағы Алтайдың спорт директоры қызметін атқарған.

Жаңа бапкер ойыншы кезінде «Бориспиль», ЦСКА (Киев), «Нефтехимик» (Ресей) және «Ақжайық» (Орал) сияқты клубтардың намысын қорғаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы маусымда "Ордабасы" өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Биылғы қысқы маусымда шымкенттіктер алғашқы трансферін сәтті аяқтады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Зинешов