Дубайдағы ат жарыста Қазақстан сәйгүлігі бірінші келді

Фото: Видео кадры

Дубайдағы ат жарыста Қазақстан сәйгүлігі бірінші келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат alga.peterburg Instagram-парақшасында пайда болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АЛГА КАЗАХСТАН (@alga.peterburg)

12 қаңтарда Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар топ жарды. 

2000 метр ұзындықтағы жарысқа 13 жылқы қатысқан. Шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан мәре сызығын бірінші болып кесті.

Жалпы, Кабирханның бүкіл мансабындағы статистика таңғаларлық - ол 9 жарысқа қатысып, олардан 8 бірінші және 1 екінші орын алған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек