FIFA Қазақстанның 7 бірдей футбол клубын жазаламақ

FIFA Қазақстанның 7 бірдей футбол клубын жазаламақ
Фото: instagram/caspiy_fc

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (FIFA) тәртіптік кеңесі Қазақстанның 7 бірдей командасын жазаламақ. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады

Тәртіптік кеңес командалардың ойыншы сатып алу трансферіне шектеу қоймақ. Себебі ұйымға командаларға қарсы арыз-шағым түскен. 

Футболдың басты ұйымы жаңа ойыншыларды қатарына қоса алмайтын клубтардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан көшбасшылардың қатарында. Тіпті Үндістан, Иран және Ирактан жоғары тұр, - деп жазды журналист. 

Қазақстандық клубтарға түскен арыз-шағымдар тізімі: 

"Қайсар" - 1
"Оқжетпес" - 1
"Ақсу" - 2
"Тараз" - 4
"Шахтер" - 5
"Каспий" - 7
"Тұран" - 8

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай