Испания Суперкубогының финалында "Реал" мен "Барселона" кездеседі

Испания Суперкубогының финалында "Реал" мен "Барселона" кездеседі
Фото: ©twitter.com/FCBarcelona

Футболдан Сауд Арабиясында өтіп жатқан Испания Суперкубогының финалына "Барселона" мен "Реал" клубтары шықты. Жанкүйерлер финалда "эль-класико" ойынын көреді. 

Жартылай финалда каталондық клуб "Осасунаны" 2:0 есебімен ұтты. Эр-Риядтағы "Әл-Әббал Парк" алаңында өткен ойында Роберт Левандовский мен Ламин Ямаль гол соқты. 

"Барселона" финалда "Реалмен" ойнайды. Бірер күн бұрын "корольдік клуб" "Атлетиконы 5:3 есебімен ұтқан болатын. Финалдық кездесу 15 қаңтар күні өтеді. 

Өткен маусымда Испания Суперкубогын "Барселона" иеленген еді. Сауд Арабиясында алғашқы финалда олар басты қарсыласы "Реалды" ұтып кеткен болатын.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай