Бокстан Италиядағы лицензиялық турнирге кімдер барады?

Бокстан Италиядағы лицензиялық турнирге кімдер барады?
Фото: olympic.kz

29 ақпан мен 12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио аймағында бокстан лицензиялық турнир өтеді. Әр салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болады, – деп жазады Olympic.kz

Осы орайда, команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов лицензия сарапқа салынатын жарысқа кімдер қатысатынын айтты. 

"Олимпиадаға іріктеу турниріне елдегі соңғы Спартакиаданың жеңімпаздары қатысады. Алты боксшыны жарысқа қосамыз. Ал Азия ойындарында жолдама мәселесін шешіп қойған Қамшыбек Қоңқабаевты жаттығу жиынына жіберуді ойластырдық", - деді Айтжанов.

Ал Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов тек қана 63,5 келіде таңдау болатынын жеткізді.  

"Бұл салмақта Ертуған Төренов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының біреуі баруы мүмкін", - деді ол.

Айта кетелік, бокстан Қазақстан ерлер командасының қоржынында әзірге Олимпиаданың бір жолдамасы ғана бар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай