Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады. Отандасымыз дүниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикерден айласын асырды. 

Бейбіт бірінші сетте қарсыласын 6:1 есебімен ұтып шықты. Екінші сетті 6:4 есебімен аяқтады. Бір сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ.

Бейбіт іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен шеберлік байқасады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!