Елдос Сметов Парижде өтетін "Үлкен дулыға" турниріне қатысады

Елдос Сметов Парижде өтетін "Үлкен дулыға" турниріне қатысады
Фото: olympic.kz

2-4 ақпан аралығында Парижде дзюдодан "Үлкен дулыға" турнирі өтеді. Бұл жарысқа Елдос Сметов бастаған қазақ дзюдошылары да қатысады. 

Париждегі турнир  – жаңа маусымдағы екінші ресми жарыс. Дзюдошыларға Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингілік ұпайларын жақсартуға мүмкіндік. Сондықтан да бұл жарыстың маңызы жоғары. 

Ұлттық құрама үздігі Елдос Сметов үшін де Париждегі жарыс жоғары маңызға ие. Себебі жүлделі орынға ілігу арқылы әлемдік рейтингтегі орнын жоғарылатады. Дәл қазір оның жинаған ұпайы Олимпиада ойындарына қатысуына жеткіліксіз. Сондай-ақ кейінгі жарыстарда қазақстандық дзюдошы жүлделі орынға іліге алмай келеді. Соңғы рет Токиода өткен "Үлкен дулыға" жарысының 1/8 финалында италиялық Андреа Карлиноға жол берген еді. 

Париждегі жарыста Елдостан бөлек Нұрқанат Серікбаев (60 кило), Ғұсман Қырғызбаев, Есет Қуанов (екеуі де - 66 кило), Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов (екеуі де - 73 кило), Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев (екеуі де - 81 кило), Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков (екеуі де - 90 кило), Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев (екеуі де - 100 кило), Ерасыл Қажыбаев және Ғалымжан Қырықбай (екеуі де 100 килодан жоғары) қатысады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай