Қазақ балуандары рейтингілік турнирге қатысады

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы өтетін рейтингілік турнирлер кестесін жариялады.

Алғашқы рейтингілік жарыс 10-14 қаңтар күндері Хорватияда өтеді. Zagreb Open додасына қазақ балуаны Азамат Дәулетбеков те қатыспақшы.

Ал 6-9 маусым күндері Венгрияның Будапешт қаласында кезекті рейтингілік турнир ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, 2024 жылы балуандары Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін (11-16 сәуір) жыл сайынғы Азия біріншілігінде де рейтингілік ұпайлар үшін күреседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!