Australian Open іріктеу сайысына қатысатын қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысына қатысатын қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің 188-ракеткасы Бейбіт Жұқаев іріктеу турнирінің алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 510-орында тұрған аргентиналық, 31 жастағы Николас Киккермен ойнайды.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеевтің қарсыласы — рейтингте 169-сатыдағы украиналық, 26 жастағы Виталий Сачко.

Әлемнің 226-ракеткасы Тимофей Скатов рейтингте 154-орындағы босниялық, 31 жастағы Дамир Джумхурдан өтуге тырысып көреді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз