Ақтөбеде әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы сыйлады

Ақтөбеде әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы сыйлады
Фото: @massaget.kz

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанға Ақтөбе жұртшылығы ерекше қошемет көрсетті, – деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ата-баба салтын берік ұстанатын Ақтөбе облысының жылқышылар одағы, Марат, Ринат Жанғозиндар мен осы өңірдің бірнеше бетке ұстар азаматтары "Тақымыңнан тұлпар кетпесін" деп еркін күрестен еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады. Сондай-ақ арнайы тапсырыспен АҚШ-та қолдан жасалған ер-тоқымды тарту етті.

Балуандарға қолдау жасап жүрген Марат Жанғозиннің ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында Ризабек Айтмұхан облыс әкімі Асхат Шахаров пен бірқатар лауазымды тұлғалардың қабылдауында болып, ақ тілек, батасын алды.

Еске салайық, күрес жанашыры Марат Жанғозин бұған дейін де Белград (Сербия) төрінде еркін күрес балуандарына ақ дастарқанын жайып, Азамат Дәулетбеков пен Ризабек Айтмұханға қомақты қаржы табыстаған болатын.

О. Сансызбай