Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Анна - словакиялық Виктория Хрунчакова финалда чехиялық Мария Боузкова - америкалық Бетани Маттек-Сандспен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тай-брейкте чехиялық-америкалық дуэт сәтті ойнады - 7:6 (7:5).

Супер тай-брейкте Данилина мен Хрунчакова жеңісті жұлып алды - 10:8.

Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!