Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Фото: Қуат Хамитов

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов (25-7-2) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"Келесі жекпе-жекке дайындала бастадым. Күні белгіленді, қарсылас бар. Ресми хабарландыруды күтеміз", - деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Куат Хамитов (@kuat__khamitov)

35 жастағы Хамитов кейінгі жекпе-жегін 2023 жылғы мамырда Hardcore MMA 62 турнирінде өткізген еді. Бірауыздан қабылданған шешіммен ресейлік Залимхан Юсуповты жеңді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек