Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың финалында ойнайды

Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W50 турнирінің финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге жартылай финалда таиландтық Луксика Кумхум – оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен кортқа шықты.

Қазақстандық-грекиялық жұп қарсыластарын 6:4, 6:1 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Құламбаева – Сакеллариди финалда тағы бір таиландтық Ланлана Тараруди – тайбэйлік Хиа Юи Тсаомен бас жүлдені сарапқа салады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!