Үш спортшы жұмбақ жағдайда мерт болды

Үш спортшы жұмбақ жағдайда мерт болды
Фото: depositphotos.com

2024 жылғы 2 қаңтарда Ресейдің Тверь облысына қарасты шағын ауылда үш спортшының денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Bassport.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық кикбоксинг федерациясының басшысы Олег Корниловтың мәліметінше, көз жұмған үш спортшы да күні бүгінге дейін кәсіби түрде кикбоксингпен айналысқан.

Олардың арасында кикбоксингтен Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы Александр Малафеев, жаттықтырушы Артем Иванов және кикбоксшы Руслан Шахмарданов болды.

Марқұмдар мерт болған жерден белгісіз таблеткалар табылып, сараптамаға жіберілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек