Бахтиер Зайнутдинов түркиялық клубта қанша жалақы алады?

Бахтиер Зайнутдинов түркиялық клубта қанша жалақы алады?
Фото: ©instagram.com/besiktas

Бейресми ақпарат құралдарында Стамбулдың "Бешикташ" клубында ойнайтын легионерлердің жалақысы жарияланды. Олардың қатарында қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов та бар. 

Түркиялық клубтағы легионерлер қатарында ең көп жалақыны Винсен Абубакар алады. Оның жылдық табысы 3 миллион еуроны құрайды. 

Тізімдегі ақпарат бойынша Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы жылына 1,2 миллион еуро еңбекақы алады.

"Бешикташ" Алекс Окслейд-Чемберлен және легионерлер үшін 11 миллион еуро шығындайды. Оның біразы түрлі себептерге байланысты ойнап та жүрген жоқ. Бұл деген барып тұрған бассыздық, - деп жазды түрік журналисі Мұстафа Караташ. 

Айта кетейік, "Бешикташ" желтоқсан айының ортасында 5 бірдей шетелдік ойыншысын негізгі құрамынан алып тастады. Олардың қатарында Венсан Абубакар, Валантен Розье, Эрик Байи, Рашид Геззаль мен Жан Онана бар. Эрик Байи Испанияның "Вильярреал" командасына ауысып үлгерді. 

"Бешикташ" 17 ойыннан 29 ұпай жинап, Түркия Суперлигасында 4-орында келеді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай