Футболдан Қазақстан құрамасы ақпанда жолдастық ойын өткізеді

Футболдан Қазақстан құрамасы ақпанда жолдастық ойын өткізеді
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Грекияға қарсы ойынға дайындық жоспары жайлы айтты. Наурыздағы маңызды ойынға дейін құрама жолдастық кездесу өткізеді. 

Бас жаттықтырушы айта кеткендей, қазақстандық футболшылар ақпан айында оқу-жаттығуға жиналады және жолдастық ойын өткізеді. 

Мен клубтар қарсы болмайды деп ойлаймын. Біз ақпан айында Түркияда жиналып, бір апта болса да жаттығу өткізіп, жолдастық ойын өткізсек дейміз, - дейді Магомед Адиев. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы арқылы Еуропа чемпионаты жолдамасына таласады. 1/2 финалда отандастарымыз сырт алаңда Грекия құрамасымен кездеседі. Ойын 21 наурызға жоспарланған. Екінші жартылай финалдық ойында Грузия мен Люксембург құрамалары кездеседі. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай