Допингпен ұсталған футболшы "Қайратқа" қайта орала ма?

Допингпен ұсталған футболшы "Қайратқа" қайта орала ма?
Фото: "Қайрат" ФК

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен келер жылы спорттағы кәсіби мансабын жалғастыра алады. Футболшының екіжылдық шеттету мерзімі аяқталады. 

Vesti.kz тілшісі "Қайрат" командасының жаттықтырушысы Кирилл Кекерден Айбол жайлы сұрап, алматылық клуб қатарына қайта қосылу жайын білген. 

Менің білуімше Айбол 2024 жылдың 29 сәуірінен бастап кәсіби футбол ойындарына қатыса алады. Оның қайта оралуы қазақ футболы үшін маңызды деп ойлаймын. Айбол туралы айтарым осы ғана, - дейді  Кекер. 

Айта кетейік, Айбол Әбікен 2022 жылы допинг қолданғаны үшін 4 жыл спорттан шеттетілген болатын. Кейіннен жаза мерзімі 2 жылға қысқартылған еді. 

Айбол "Қайрат" футбол клубының түлегі. Алматылық команда сапында 114 ойынға қатысып, 13 гол, 8 нәтижелі пас берген. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай