UEFA Қазақстан құрамасының капитаны соққан голды тағы бір рет ерекше бағалады

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің голын әлеуметтік желілерінде жариялап, тағы бір рет ерекше атап өтті. 

Қазақстан құрамасының ойыншысы бұл голын Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Данияға қарсы ойында соққан болатын. Ойында отандастарымыз 0:2 есебімен ұтылып тұрып, 3:2 нәтижесімен камбек жасаған еді. 

2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің ресми парақшасы "Асхат Тағыберген" деп атап, ерекше голға таңданысын білдірген. Ал қазақстандық жанкүйерлер алғысын білдіріп, өз пікірлерін қалдыруда. 

Айта кетейік, Асхаттың бұл голы Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі үздік гол болып танылған болатын. Сондай-ақ Пушкаш сыйлығына үміткерлер тізіміне де енген еді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!