Сауль Альварес үздік үш боксшының есімін атады

Сауль Альварес үздік үш боксшының есімін атады
Фото: ©instagram.com/canelo

Екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағына ие Сауль "Канело" Альварес (60-2-2, 39 КО) қазір жұдырықтасып жүрген үздік үш боксшының есімін атады. 

33 жастағы мексикалық боксшы Наоя Иноуэ (26-0, 23 КО), Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) және Джервонта Дэвисті (29-0, 27 КО) өз салмақтарында тамаша жұдырықтасып жүрген боксшылар деп таныған. 

Мен Иноуэ, Кроуфорд және Джервонтаны үздік санаймын. Мықты боксшылар жетерлік, оларды атамағаным менсінбегенім емес, - дейді Канело  Fight Hub TV-ға берген сұхбатында. 

Сауль Альварес соңғы рет америкалық Джермалл Чарломен жұдырықтасты. 30 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте екінші орта салмақта чемпиондық атақтарын қорғап қалды. 

Айта кетейік, "Канело" қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үш рет жұдырықтасты. Бір рет тең түссе, екі рет төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жетті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай