Роналду 2023 жылғы үздік сұрмергендер көшін бастады

Роналду 2023 жылғы үздік сұрмергендер көшін бастады
Фото: webthethao.vn

Футболдан Сауд Арабиясының 17-тур ойындарында "Әл-Иттихад" және "Әл-Наср" командалары кездесті. Жиддада өткен ойында қонақтар 5:2 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл ойында бұрынғы "Реал" командасының үздіктері Криштиану Роналду мен Карим Бензема бір-біріне қарсы ойнады. Португалдық футболшы дубль жасаса, француз шабуылшысы мергендігімен көзге түсе алған жоқ. 

Ойында екі гол соққан Роналду 2023 жылдың мергендер тізімінде 53 голмен бірінші орынға шықты. 52 гол соққан Гарри Кейн мен Килиан Мбаппені басып озды. Төртінші орында 50 голмен Эрлинг Холанд келеді. 

Жиддадағы ойында Роналдудан бөлек командасында Садио Мане де дубль авторы атанды. Сондай-ақ бір голды Андерсон Талиска еншісіне жазды. Алаң иелерінің екі голын да Абдерразак Хамдала соқты. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай