Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен спортшы Серік Нұрқазов табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен спортшы Серік Нұрқазов табылды
Фото: ©️ qaz365.kz

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен спортшы Серік Нұрқазов табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Медеу аудандық полиция басқармасы өкілдерінің мәліметінше, 1959 жылы туған Серік Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда аты аңызға айналған боксшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған еді. 

Серік Нұрқазов 1980 жылдары КСРО құрамасында болған. Ол - 1981 жылы Тампереде өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 1983 жылы Римде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы, Қазақстан мен КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы. 1984 жылы "Үздік боксшы" атағы берілді. Қазақстандықты бокс профессоры атағын алған. Көптеген тәжірибелі жанкүйер оны әлі күнге дейін кеңестік бокс тарихындағы ең техникалық жауынгерлердің бірі деп санайды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек