"Ақтөбеде" ойнайтын аргентиналық футболшы шаңырақ көтерді

"Ақтөбе" футбол клубының жартылай қорғаушысы Леонель Струмия шаңырақ көтерді. Ол Луз Ортис есімді отандасына үйленген. 

Клуб ұжымы мен жанкүйерлер атынан Лео мен оның жары Луз Ортисті заңды некелерімен шын жүректен құттықтаймыз!, - деп жазды команданың instagram желісіндегі ресми парақшасы. 

31 жастағы футболшы "Ақтөбе" сапына жыл басында ауысып келген еді. 30 ойынға қатысып, бір рет нәтижелі пас берді. Команда футболшымен жуық арада келісімшартын ұзартуы мүмкін. 

Леонель Қазақстанға келгенге дейін Латвияның "Лиепай", РФШ және "Атлетико Алумни" клубтарында ойнаған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз