Бекзад Нұрдәулетов әуесқой боксқа неліктен қайта оралғанын айтты

Бекзад Нұрдәулетов әуесқой боксқа неліктен қайта оралғанын айтты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Бекзад Нұрдәулетов кәсіби бокстан әуесқойлар арасына қайта оралу себебін түсіндірді, – деп жазады Olympic.kz

"Әуесқой боксқа қайта оралуымның бірнеше себебі бар. Оның ішіндегі ең маңыздысы - еліміздің намысын ірі жарыстарда қорғағым келді. Сондықтан қайта оралдым. Әрине, кәсіби бокстан түбегейлі кеткенім жоқ. Ол жақта да алатын асуым, шығар биігім бар. Ал Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен соң қатарға қосылу оңай болмады. Психологтармен жұмыс істедім. Бапкерлерім көмектесті. Токио ойындары мен үшін үлкен сабақ болды", - деді Нұрдәулетов.

Айта кетейік, Бекзад Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионы. Ол биылғы Қазақстан Спартакиадасының финалында Нұрбек Оралбайға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай