Қазақ боксшылары Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың тойына қатысты

Токио Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы атағына ие өзбек боксшысы Баходир Жалолов шаңырақ көтерді. Көршілес ел спортшысының тойына қазақ боксшылары да қатысып, тілек айтты. 

29 жастағы өзбек боксшысы Азиза есімді қызбен шаңырақ көтерді. Жергілікті БАҚ-тың жазуы бойынша, спортшының жұбайы университетте оқиды. 

Баходирдің үйлену тойына Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, әлем чемпиондары Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев, Сәкен Бибосынов және тағы басқа қазақ боксшылары қатысты. Тілек айтып, алдағы отбасылық және спорттық мансабына сәттілік пен жетістік тіледі. 

@tukeshov_official #tukeshov_boxing #kazakhboxing #рек #бокс ♬ оригинальный звук - TUKESHOV ZHALGAS

Өзбек боксшылары би алаңында Мырзағали Айтжанов пен Өзбекстан құрамасының бас жаттықтырушысы Тулкин Кулчиевті көкке көтеріп, құрмет көрсетті. Тойдағы тілекте де екі ел боксшыларының достығы берік болуын тілге тиек ете кетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!