Бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған турнир жеңімпаздары белгілі болды

Бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған турнир жеңімпаздары белгілі болды
Фото: kfb.kz

Қарағанды қаласында бокстан ҚазССР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған  халықаралық турнир мәресіне жетті. Төрт күнге созылған шаршы алаңдағы жекпе-жектер қорытындысы бойынша үздік боксшылар анықталды. 

Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокс додасы – талай боксшылардың үлкен спортқа қадам жасауына септігін тигізген еліміздегі ең ірі жарыстардың бірі. 1986 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Тарихы тереңде жатқан бұл бокс бәсекесінен Олимпиада чемпиондары мен талай әлем чемпиондары түлеп шыққан. Атап айтар болсақ, бүгінде кәсіпқой бокста еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Геннадий Головкин бұл турнирде бес рет топ жарған. Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров пен Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибраимов та Ғалым Жарылғапов турнирінің бес дүркін чемпиондары атанған. 2000 жылы Сидней Олимпиадасының шыңын бағындырған марқұм Бекзат Саттарханов та бұл турнирде үш рет жеңімпаз тұғырынан көрінген. Одан өзге, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, қазіргі таңда «Astana Arlans» командасының директоры Серік Сәпиев те бұл турнирді үш рет жеңген боксшылар қатарынан. Ал «Ғалым Жарылғапов турнирінде ең көп топ жарған боксшы кім?» дегенге келсек, Сарыарқа төсінде туып-өскен Аркадий Топаевтың есімін ерекше мақтанышпен айта аламыз. 1994 жылы әлем кубогының жеңімпазы атанған былғары қолғап шебері бұл турнирді жеті рет ұтқан жалғыз боксшы.

Биыл ерлер бәсекесінде ең көп 16 боксшы 57 кило салмақта жұдырықтасты. Ең аз 4 боксшы 48 килода чемпиондыққа таласты. 

48 кило

Теміртас Жүсіпов
Ернар Қарап (Абай обл)
Оразымбет Мусиров
Билиадиар Умаров (Атырау обл)

51 кило

Жиовис Салфран
Рысхан Тәліп (Шымкент қ.)
Ақтілек Орынбасар (Қызылорда обл)
Ғаббас Дүйсекенов (Павлодар обл)

54 кило

Карим Серкебаев (Қарағанды обл)
Дамир Әбдіқадыр (Алматы обл)
Самат Жетібаев (Маңғыстау обл)
Кенже Мұратұлы

57 кило

Оразбек Асылқұлов
Жасурбек Анорбоев (Қарағанды обл)
Дәулет Молдашев (ШҚО)
Ардақ Сағымбек (Шымкент қ.)

60 кило

Талғат Сырымбетов
Әділет Құрметов (Түркістан обл)
Рафаел Симон
Жаннұр Әділбек (Қызылорда обл)

63,5 кило

Эрисланди Алварес
Мұхаммедәлі Сыдық (Ақмола обл)
Ерсұлтан Шора (Қарағанды обл)
Нұрлыбек Усманов (Шымкент қ)

67 кило

Жайро Рамирес
Әбдіғалым Әбдікәрім (Түркістан обл)
Нұрқадам Әбдреш
Сералы Жолмағанбет (Маңғыстау обл)

71 кило

Сабыржан Аққалықов
Алипаша Насыров (Алматы қ)
Нұржан Амангелді (Жетісу обл)
Асан Махмудов (Шымкент қ.)

75 кило

Ясин Еловарз
Бақберген Әлиасқаров (Астана қ)
Тимур Есқожин (Ақтөбе обл)
Айдар Серікбол (Қызылорда обл)

80 кило

Жож Мануеэл Сото
Бекболат Әбдікерім
Удил Журобаев
Ерасыл Жақпеков (Абай обл)

86 кило

Еркебұлан Әкімбай (Алматы обл)
Бекзат Таңатар
Жесус Уильямс
Шаймұрат Құсайынов (Павлодар обл)

92 кило

Сағындық Тоғамбай
Нурмагамед Юсупов (Қарағанды обл)
Бекзат Қашқын (Түркістан обл)
Алверто Перес

+92 кило

Аманат Сабырғали
Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау обл)
Мухамед Фириссе
Адонис Белл Изнага

Жалпы жүлде кестесі:

1. Қазақстан — 6 алтын, 2 күміс, 2 қола
2. Куба — 4 алтын, 4 қола
3.Қарағанды обл. — 1 алтын, 2 күміс, 1 қола
4.Алматы обл. — 1 алтын, 1 күміс
5. Марокко — 1 алтын, 1 қола
6.Түркістан обл. — 2 күміс, 1 қола
7. Шымкент қ. — 1 күміс, 3 қола
8. Маңғыстау обл. — 1 күміс 2 қола
9. Абай обл. — 1 күміс, 1 қола
10-12. Алматы қ. — 1 күміс
10-12. Ақмола обл. — 1 күміс
10-12. Астана қ. — 1 күміс
13.Қызылорда обл. — 3 қола
14.Павлодар обл. — 2 қола
15-19.Атырау обл. — 1 қола
15-19. Түркіменстан — 1 қола
15-19. Өзбекстан — 1 қола
15-19.ШҚО — 1 қола
15-19.Жетісу обл. — 1 қола

Халықаралық турнирде әйелдер арасында ең көп 14 боксшы 66 килода тіркелді. Ең аз 7 боксшы 57 және 75 килода сынға түсті.

50 кило

Назым Қызайбай (Алматы қ.)
Жазира Орақбаева (Алматы қ.)
Гүлназ Бурибаева (Қарағанды обл)
Гүлнар Тұрапбай (Қарағанды обл)

54 кило

Әнел Сақыш (Алматы қ.)
Сымбат Әлиасқар (Жамбыл обл)
Сәния Сұлтанқызы (Астана қ.)
Элина Базарова (Шымкент қ.)

57 кило

Видад Бертал
Рано Пархатова (Алматы қ.)
Гаусар Жаку (Астана қ.)
Меруерт Бурабай (Алматы қ.)

60 кило

Римма Волосенко (Астана қ.)
Виктория Графеева (Алматы қ.)
Айдана Жабынбекова (Ақтөбе обл)
Аида Абикеева (Астана қ)

66 кило

Сурменали Бусеназ
Наталья Богданова (СҚО)
Саида Лахмиди
Лаура Есенгелді (Шымкент қ.)

75 кило

Валентина Хальзова (Астана қ.)
Гүлсая Ержан (Қызылорда обл)
Ярослава Якушина
Жібек Жарасқызы (Жетісу облысы)

О. Сансызбай