Супер жеңіс! Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын бір күнде екі рет жеңді

Супер жеңіс! Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын бір күнде екі рет жеңді
Фото: twitter.com/wta/

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан World Tennis League (WTL) турнирінде өз командасына жеңіс сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 жастағы қазақстандық теннисші екі шешуші матчта жеңіске жетті.

Рыбакина әуелі Сорана Кырстямен (Румыния) бірге Ига Швентек (Польша) пен Каролин Гарсия (Франция) дуэтін (6:4), содан кейін жекелей сында әлем рейтингінің көшбасшысы Ига Швентекті ұтты.

Рыбакина бірінші сетте Швентекке есе жіберді (4:6), бірақ шешуші тайбрейкте әлемнің ең мықты теннисшісін жеңіп, шешуші жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Falcons тобында Сорана Кырстя, Сумит Нагал және Тейлор Фрицпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан