Қазақстан Жасөспірімдер олимпиадасына қанша жолдама жеңіп алды?

Қазақстан Жасөспірімдер олимпиадасына қанша жолдама жеңіп алды?

2024 жылға жоспарланған ең басты бәсекелердің бірі – 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы. 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жасөспірімдердің дүбірлі додасына еліміздің спортшылары биыл төртінші рет қатысады.

Қазіргі таңда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдың параллель могул түрінен 30 жолдама бар. Алдағы уақытта жолдама саны әлі де толыға түсуі мүмкін. Жасөспірімдер Олимпиадасына лицензия беретін жарыстар жалғасып жатыр.

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында Gangneung Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай