Аустралия ашық чемпионатына 12 қазақстандық теннисші қатысады

Аустралия ашық чемпионатына 12 қазақстандық теннисші қатысады
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Аустралия ашық чемпионатына қатысушылар тізіміне 11 қазақстандық теннисші енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жекелей сында негізгі турнирде Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик өнер көрсетеді. Жұптық сында Анна Данилина мен Александр Недовесов додаға түседі.

Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарында Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев және Тимофей Скатов бақ сынайды.

Жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында негізгі жарыста алғаш рет Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова кортқа шығады. Сондай-ақ іріктеу сайыстарына Даниал Рахматуллаев пен Виталий Зацепин қатысады.

Өткен жылы Аустралия ашық біріншілігінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина финалға дейін жеткен еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан