Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Олимпиадаға іріктеу турниріне қатыса ма?

Бокстан Астанада өткен "Чемпиондар түні" халықаралық турнирінде Бекзад Нұрдәулетов ресейлік қарсыласын жеңді. Жақында ұлттық құрамаға оралған боксшы жайлы бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов өз пікірін айтты,– деп жазады Olympic.kz

"Бекзад қазір өз бабына келіп жатыр. Ерінбек еңбектеніп жатқанын да байқап отырмыз. Астанадағы турнирде де қарсыласын жеңді. Кәсіби және әуесқой бокстың айырмашылығы үлкен. Сондықтан, Нұрдәулетов біздің боксқа қайтадан төселіп қалды. Ал лицензиялық турнирге қатысты айтар болсам, алдымен Қазақстан Спартакиадасын ұтқан боксшылар барады", - деді Айтжанов.

Айта кетелік, Астанада өткен Қазақстан Спартакиадасында Бекзад Нұрдәулетов 80 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, Нұрбек Оралбайға есе жіберген болатын. 

Бекзад Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қатысушысы. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!