Месси бала күнгі командасына қарсы ойнайды

Месси бала күнгі командасына қарсы ойнайды
Фото: @Inter Miami CF

2024 жылдың ақпан айында "Интер Майами" Аргентинаның "Ньюэллс Олд Бойз" командасына қарсы жолдастық ойын өткізеді. Бұл туралы америкалық команданың Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы хабарлады. 

Жолдастық ойын 15 ақпан күні Майамиде өтеді деп жоспарланған. 

"Ньюэллс Олд Бойз" Мессидің бала күнде ойнаған командасы. 1994 жылдың наурыз айында футболшының әкесі осы командамен алғашқы келісімшарт жасаған. Месси командада 13 жасқа дейін ойнап, одан кейін "Барселонаға" ауысқан. 

36 жастағы футболшы осы маусымда 14 ойынға қатысып, 11 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай