Рекорд! Шавкат Рахмонов UFC тарихында өз атын қалдырды

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) мерзімінен бұрын жеңіп, UFC рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде қазақстандық файтер қылқындыру әдісімен 6-рет қатарынан уақытынан бұрын жеңіске жетіп, тарихқа енді.

"Шавкат Рахмоновтың 6 жекпе-жектен тұратын мерзімінен бұрын жеңіс сериясы - UFC-дегі ең ұзақ белсенді финиш сериясы. Шавкат Рахмоновтың жеңіс сериясы - сонымен қатар UFC тарихындағы жартылай орта салмақтағы ең ұзақ уақытынан бұрын жеңіс сериясы", - деп жазды промоушеннің ресми аккаунты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирінде жеңіске жеткенін жазған едік.

Оның қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болды.

Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінің басты картасындағы жекпе-жек 3 раундқа есептелген, бірақ 2- раундта аяқталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!