Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?

Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?
Фото: uefa.com

Футболдан 2023/2024 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталды. 1/8 финалға шыққан 16 команда белгілі болды. 

"Бавария",  "Боруссия" (Дортмунд), "Арсенал", "Манчестер Сити", "Реал Мадрид", "Барселона", "Реал Сосьедад" және "Атлетико" Мадрид командалары өз тобында бірінші орын алды. 

"Копенгаген", ПСВ, "Наполи", "Интер", "Лацио", "Лейпциг", ПСЖ мен "Порту" өз топтарынан екінші орынмен шықты. 

1/8 финалдың жеребе тарту рәсімі 18 желтоқсан күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Плей-оффтағы бірінші ойындар 2024 жылдың 13-14, 20-21 ақпанында өтсе, қарымта кездесулер 5-6, 12-13 наурызға жоспарланған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай