Жүкембаевтың жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) 14 желтоқсан күні таңда кезекті жекпе-жегін өткізеді. 32 жастағы отандасымыз Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) француз боксшысы Мұхамед Мимунмен жұдырықтасады. 

Бірінші жартылай орта салмақта өтетін жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Қазақстандық жанкүйерлер төмендегі YouTube арна арқылы Батырдың кездесуін тамашалай алады. 

Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Батыр дәл осы Плант-Ситиде аргентиналық Уго Альберто Ролданды жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBA NABA атағын жеңіп алған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!