Серхио Рамос Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Серхио Рамос Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты
Фото: @AP

"Севилья" командасының футболшысы Серхио Рамос Чемпиондар лигасы тарихында ең көп гол соққан қорғаушы атанды. 

Түнде өткен "Лансқа" қарсы ойында испандық футболшы пенальтиден гол соқты. Нәтижесінде 17 голмен Жерар Пике және Роберто Карлос көрсеткіштерін басып озды. Сондай-ақ Чемпиондар лигасында пенальти соққан ең егде футболшы рейтингінде де бірінші орынға шықты.

Ойында "Севилья" француз клубына 2:1 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде топтық кезеңді сәтсіз өткізіп, еурокубок ойындарын аяқтады. "Ланс" үшінші орынмен Еуропа лигасына жолдама алды. Ал "В" тобында Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіне "Арсенал" мен ПСВ клубтары шықты. 

Серхио Рамос "Севильяда" 2002-2005 жылдар аралығында да ойнаған. Осы клубтың түлегі. 2005 жылы Мадридтің "Реал" командасына ауысып, 2021 жылға дейін "корольдік клубта" доп тепті. 2023 жылы қорғаушы өзі шыққан командаға қайта оралды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай