Бокстан әлем чемпионы лауазымды қызметке тағайындалды

Бокстан әлем чемпионы лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: @instagram.com/shymkent_sport_baskarma/

Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов "Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы бұйрығымен спортшы жаңа қызметтің тізгінін ұстады. 

Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары ішінен үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан жалғыз бокс­шы. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада 49 келінің көшбасшысы атанып, 32 жасында мансабын аяқтаған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай