Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстанның Әнұраны қойылмады: спортшылар оны өздері айтып шықты

Фото: видеодан алынған кадр

Хоккейден Венгрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар Әнұранды өздері айтып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осы сәттің видеосын Facebook-те Қанат Әл Дивани есімді қолданушы бөлісті.

"Хоккейден 20 жасқа дейінгілер арасында Венгрияда өтіп жатқан А дивизионының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Дания құрамасынан 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды. Ойын соңында жеңімпаздар құрметіне әнұран қойылмаса да, жігіттеріміз өздері айтып шықты. Екі ойында екі жеңісі бар жерлестеріміз енді топ басындағы Франциямен күш сынасады", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионының "А" тобында Данияны жеңгенін хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан