Қазақстандық футболшы Роналдо командасының қаралымынан өтеді

"Елім-ай" командасы мен 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Мұхаммед Еңсебаев "Вальядолид" командасының қаралымында жүр.

JAY Football телеграм арнасы ақпараты бойынша футболшының испандық клуб сапында қалуға мол мүмкіндігі бар.


@fc_elimai

"Вальядолид" командасы аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдоның иелігінде. Қазіргі таңда команда Ла лигаға оралу үшін барын салып ойнап, 32 ұпаймен үшінші орында келеді.

Клуб мамандары 14 желтоқсан күні қаралымда жүрген ойыншыларды жаттығу барысында және екі жақты ойын кезінде бақылайтын болады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!