Пеле мен Неймар ойнаған команда Бразилияның төменгі лигасына түсіп қалды

Пеле мен Неймар ойнаған команда Бразилияның төменгі лигасына түсіп қалды
Фото: cdn.oxu.az

"Сантос" футбол клубы өз тарихында алғаш рет Бразилия чемпионатының жоғарғы лигасынан шығып қалды. Олар биылғы маусымда 43 ұпай жинап, турнир кестесінде 17-орын алды. Нәтижесінде Бразилияның "В" сериясына төмендеді. 

Команда чемпионаттағы соңғы турда "Форталеза" командасына есе жіберді. Өз алаңында қарсыластары 2:1 есебімен ұтып кетті. Қонақ команда жеңіс голын ойынның қосымша уақытында алаң ортасынан соқты. Осылайша "Сантосты" "В" сериясына шығарып салды. Жергілікті жанкүйерлер көз жасына ерік беріп, соңы қаладағы жаппай тәртіпсіздікке жалғасқан. 

"Сантос" командасынан футбол патшасы Пеле мен танымал футболшы Неймар шыққан. Бразилияның 8 дүркін жеңімпаздары. Үш рет Либертадорес кубогын жеңіп алған. 1912 жылы құрылған команда бұған дейін "В" сериясына төмендеп көрмеген. 

2023 жылғы маусымда "Палмейрас" чемпион атанды. Олар бұл атаққа 12-ші рет қол жеткізіп отыр. Одан кейін ең көп чемпион атанған команда – "Сантос". 

Биылғы маусым қорытындысы бойынша "Сантостан" өзге "Гремио", "Атлетико Минейро" және "Фламенго" командалары "В" сериясына төмендеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай