Сәбина Алтынбекова карьерасы туралы мәлімдеме жасады

Сәбина Алтынбекова карьерасы туралы мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/altynbekova_20

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова Instagram-дағы сторисінде жаттығуынан фото жүктеп, карьерасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Босанғаннан кейін үш айдан соң қайта жаттыға бастадым және Араб лигасының чемпионы атанып, маусымды сәтті өткіздім.

Ең бастысы, қазір менің ең үлкен мотивациям, ең үлкен жанкүйерім – ұлым бар. Қазір жаңа маусымға дайындалып жатырмын, оның сәтті өтетініне еш күмәнім жоқ. Иншааллах", - деп жазды спортшы.

Еске салайық, бұған дейін Сәбина Алтынбекова курс өткіземін деп, басы дауға қалғанын жазған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан