Нұрасыл Төлебек – бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

Нұрасыл Төлебек бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

54 келі салмақта сынға түскен қазақстандық былғары қолғап шебері үндістандық Жатин Жатинді Ереванда өткен жарыстың финалында жеңді.

Есеп 4:1. Осылайша, қазақстандық Нұрасыл Төлебек жарыс жеңімпазы атанды.

Қазақстан құрамасы осы жарыста төрт алтын, бес қола жүлде еншіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз