Боксшы қыздарымыз әлем чемпионатында 3 алтын медаль еншіледі

Боксшы қыздарымыз әлем чемпионатында 3 алтын медаль еншіледі
Фото: @boxingkazakhstan

Бокстан Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3 қызымыз топ жарды. Алғаш рет үш бірдей отандасымыз жеңімпаз атанды. 

Жасөспірім боксшы қыздар арасындағы әлем чемпионатында Аяжан Сыдық 54 кило салмақта үздік шықты. Ол финалда үнді қызы Амиш Керкеттадан айқын басым болып шықты. 60 кило салмақта Толғанай Қасымхан әлем чемпионы атанды. Ол финалда ресейлік Кира Леоновадан айласын асырды. 

Қоржынға түскен үшінші алтын медальды 66 килода Айсұлу Мұхит еншіледі. Ол шешуші шайқаста румын қызы Амалиа Тугуйге мықтылығын мойындатып шықты. 

Сила Биболсынқызы (48 кило), Гаухар Зарден (50 кило), Айша Сариева (52 кило), Алина Кудайгенова (63 кило), Құралай Егінбайқызы (80 кило) әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанып қайтты.

Бүгін финалдық жекпе-жектің екінші күнінде ұлдар арасынан 54 келідегі Нұрасыл Төлебек үнді боксшысы Жатин Жатинмен жұдырықтасады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай