Міне қызық! Роналду жанкүйерлердің "Месси! Месси!" деген айқайына ерекше жауап берді

Міне қызық! Роналду жанкүйерлердің "Месси! Месси!" деген айқайына ерекше жауап берді
Фото: ©instagram.com/cristiano

Криштиану Роналду доп тебетін " Әл-Наср" футбол клубы Сауд Арабиясы чемпионатының 15-турының (0:3) орталық матчында" Әл-Хилялға" қарсы ойында 0:3 есебімен жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Кездесудің барлық голдары екінші таймында соғылды. Турнир кестесінің бірінші және екінші сатысында келе жатқан қос клуб бірінші таймда өзара мықтыны анықтай алмады. 45 минут түгесілген сәтте бір қызық жағдай орын алды. 

Командалар үзіліске шыққанда, алаң иелерінің жанкүйерлері " Месси! Месси!" деп айқайға басты. Бұған Роналду күлімсіреп, оларға "әуе сүйіспеншілігін" жіберді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TNT Sports (@tntsports)

Осы жеңістен кейін " Әл-Хилял "41 ұпай жинап, турнир кестесінде өзінің көшбасшылық орнын бекітті. Ал " Әл-Наср" екінші орында қала бермек. Олардың еншісінде 34 ұпай бар. Айта кетейік бұл ойында Роналдудың командасы барлық турнирлердегі 20 матчтан тұратын жеңіске сериясын тоқтатты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов