Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы үздік атанды

Асхат Тағыберген Еуро 2024 іріктеу кезеңіндегі үздік голдың авторы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан құрмасы капитанының Дания құрамасына соққан голы жанкүйерлердің таңдауы бойынша үздік атанды.

Матч 25 наурызда өткен. Асхат Тағыберген Каспер Шмейхельдің қақпасына гол соққан. Сол матчта қазақстандық футболшылар 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!