Батыр Жүкембаев АҚШ-та француз боксшысымен жұдырықтасады

Батыр Жүкембаев АҚШ-та француз боксшысымен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 KO) 13 желтоқсан күні жекпе-жекке шығады. Бокс кеші Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. 

Батырдың қарсыласы – Мұхамед Мимун (23-5, 4 КО). Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Отандасымыз кездесудің ресми постерін жариялап, жанкүйерлерін құлақтандырды. 

Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Батыр дәл осы Плант-Ситиде аргентиналық Уго Альберто Ролданды жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBA NABA атағын жеңіп алған еді. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай