Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 12 команда анықталды

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 12 команда анықталды
Фото: ©ФК "Арсенал"

Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-тур ойындары аяқталды. Нәтижесінде плей-оффқа шыққан 12 команда белгілі болды. 

Бұған дейін "Манчестер Сити", "Бавария", "Интер", "Реал Сосьедад", "Реал Мадрид", "Лейпциг", "Атлетико" Мадрид, "Барселона", "Боруссия Д" және "Лацио" шыққан еді. Түнде өткен ойындар қорытындысы бойынша "Арсенал" мен ПСВ жолдамаға ие болды. 

Топтық кезеңнің соңғы ойындары 12-13 желтоқсан күндері өтеді. 

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының соңғы жеңімпазы "Манчестер Сити" командасы. Олар өткен маусымдағы финалда "Интерді" 1:0 есебімен ұтқан болатын.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай