"Қайрат" элиталық кезеңдегі бірінші ойында 11:2 есебімен жеңіске жетті

"Қайрат" элиталық кезеңдегі бірінші ойында 11:2 есебімен жеңіске жетті
Фото: ©АФК "Кайрат"

"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі бірінші ойында Косовоның "Приштина" командасын 11:2 есебімен ойсырата ұтты. 

Ойында бірінші болып алматылық клубтың қарсыластары есеп ашты. Кейіннен "Қайрат" ойыншылары қатарынан 7 гол соқты. Ойын аяқталғанға дейін тағы 4 гол соғып үлгерді. 

"Қайрат" элиталық кезеңдегі екінші ойынды бүгін Португалияның "Бенфика" командасына қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де басталады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай