Елена Рыбакина 2024 жылғы теннис маусымын қай турнирден бастайтыны белгілі болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның келесі жылғы теннис маусымын қай турнирден бастайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласындағы турнирге қатысады. Жарыстың жеңімпазы 500 рейтингтік ұпайды жинайды. 

Бұл турнир 31 желтоқсанда басталады.

Рыбакинамен бірге жарысқа әлемнің бұрынғы бірінші ракеткалары, Беларусь өкілі Арина Собеленко, жапониялық Наоми Осака және тағы бір беларусь теннисшісі Виктория Азаренко қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина 4-орнын сақтап қалғанын жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!